Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  89


Автор: Сәуле Досжанова

Осы шығар жесірліктің кезеңі...

Осы шығар жесірліктің кезеңі,
Шаттығымның тартылды да өзені.
Бағы ұшқан басқа қара жамылып,
Сағыныштан өртенеді өзегім.
Осы шығар қирап қамал-қорғаным,
Осы шығар асқар таусыз қалғаным.
Әйел, Ана бағын маған сыйлаған,
Саған ешкім тең келмеген жан жарым.
Осы шығар болды деген сор маңдай,
Аһ ұрамын, ішім шерге толғандай.
Өмірімнің мәні менен сәні едің,
Мына дүние сенсіз қараң қалғандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу