Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  46


Автор: Сәуле Досжанова

Басыңды тіккен бәйгелер бермей жүлдеңді...

Басыңды тіккен бәйгелер бермей жүлдеңді,
Арманды қуып, арқардай ауып жүргенде.
Танысып едік, жазмыштың бар ма жазуы,
Таныстық-тағы табыса кеттік бірдемде.
Ал содан кейін, көшіміз өрге бастады,
Ашылды сенің қара бұлт басқан аспаның.
Оңтүстікті аңсап, қиырдан жеткен құстардай
Оралды қайта бытырап кеткен достарың.
Тарихты қазып, толқыта жазып жүр едің,
Тұңғыш баламдай, үстіңде еді тілегім.
Жарты ғасырды тартыспен жүріп өткізіп,
Тоқтады бірден ұлтыңды сүйген жүрегің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу