Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  99


Автор: Сәуле Досжанова

Бүгін саған өмір таңы атпады...

Бүгін саған өмір таңы атпады,
Жол үстінде тиді ажал оқтары
Ұлтты сүйген ұлы жүрек тоқтады!
Алты алашың аңырап кеп жоқтады.
Тірлігіңде отта тұрған қазандай,
Қайран басың қайнайтұғын маза алмай.
Сансыз ойды отырушы-ең сапырып,
Шабытыңды шақырушы ең азандай.
Қазағыңның тарихына көздеген,
Тұңғыш рет түрен салдың сөзбенен.
Ұлтты әлемге таныстырған тұлға едің,
Енді міне орамақпыз бөзбенен.
Біреу тілдеп, біреу күндеп тірлікте,
Өтті өмірің, қысқа екенін білдік пе.
Аза тұтып жатыр қазақ даласы,
Дүниеге келсең-дағы «Бірлікте».
Даңқ пен дақпырт жатып алып жолыңа,
Жүруші едің жұлдыз қонып жалыңа.
Дүниеден өте шықтың арысым,
«Өлмейтұғын сөз қалдырып соңыңа»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу