Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  92


Автор: Сәуле Досжанова

ІЛЕСІП КЕТТІҢ ОРАЛМАСТАРДЫҢ КӨШІНЕ

Оралды көктем,
Өзіңді салып есіме.
Боталап көзім, қараймын жолға несіне?
Алатау асып, аманат етіп қаламды
Ілесіп кеттің оралмастардың көшіне.
Аттанып кеттің,
«ҚОШ!», – деуге шамаң келмеді.
Шаршап, талдың ба, тіршіліктерден жердегі,
Шалқар шабытпен шалдығып еңбек етсең де,
Шалқып жүруге мүмкіндік саған бермеді.
Өкпеледің бе, мінезге басып шығыстық?
Көкте дедің бе, жаныңа жақын тыныштық?
Бір ауыз тілге келмегенің не қоштасып,
Жарың едім ғой, ғашық боп алған тым ыстық.
Ғазиз басыңа тең көрмей жанды тіріден,
Айырылмастай мәңгіге сеніп жүріп ем.
Алла айырды, амалым бар ма, қайтейін,
Дүние деген осы екен ғой, бірі кем....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу