Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  130


Автор: Сәуле Досжанова

МЕН ТУҒАН ҮЙ

Мен туған үй, кымбаттым,
Сарыарқадан сағынышпен тіл қаттым.
Қасиетті босағаңнан басталған,
Жырларымды байтақ елге тыңдаттым.
Ұя ішінде көп еді ғой көргенім,
Тіршілікте осы болды тергенім.
Сенен алған махаббат пен сезімді,
Жырларымды сусағанға бергемін.
Қуат болып арманыма алдағы,
Ақ құсыңдай ұшырып-ең қолдағы.
Сол ақ батаң ашты-дағы бағымды,
Отбасылық тағдырымды оңдады.
Сенен көрген ұлағатың бас болып,
Алыспен де,
жақынмен де дос болып.
Жүретұғын жүрегім мен кеудеме,
Келіп тұрмын, сағыныш пен жас толып.
Мен туған үй шарбақты,
Сендегі әр күн қымбат еді, ардақты.
Ақ жүзімді жаспен жудым келгенде,
Ата-анамның елесі де қалмапты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу