Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  114


Автор: Сәуле Досжанова

ҚОШ, ПРАГА!

Аспан жаққа алып ұшты пырағың,
Қош бол, Прага –
Еуропаның шырағы!
Он бес күнім,
он бес сағат сияқты,
Өте шықты, төгіп жанға шуағын.
Қош бол, Прага!
жасыл орман шапаны.
Герцогтар мен корольдардың отаны.
Шіркеулердің қоңырауы тербетіп,
Ортасында Влтава ағып жатады.
Қош бол, Прага!
мұражайлар мекені.
Мың сан адам тамашалап кетеді.
Вассальдағы көрханаға кіргенде,
Басқа әлемнен әлдебір үн жетеді.
Қош бол, Прага!
құпияң көп ашпаған,
Сағаттар тұр тілін алып тастаған.
Екі жүз жыл сен сияқты жасасын,
Еуразияның жүрегі боп Астанам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу