Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  610


Автор: Сәуле Досжанова

КЕЛІН ШАЙҒА ШАҚЫРУ

Қазақ үшін қуаныштың бастауы –
Келін шайы құрметтің асқары.
Келіңіз де,
шәй ішіңіз отаудан,
Ата-ананың туыс-туған, достары.
Шалқайта ашып жас отаудың түңдігін,
Шаңырақта шаттықпенен біз бүгін,
Күтудеміз абысынды-ажынды,
Берейік деп мерекенің тізгінін.
Әулеттің бақ қоссам деп бағына,
Келген келін лайық боп жарына.
Шәй береді, келіңіздер ағайын,
Қыздырылған сексеуілдің шоғына.
Келін тартан шәйі орамал сәндіме,
Шәй құйды, ақтарылсын әңгіме.
Содан кейін беріңіздер батаны,
Екі жасты бір болсын деп мәңгіге.
Шығарамыз дәмді сүрді сақтаған,
Бұл ауылдың әнсіз таңы атпаған.
Оң аяғы құтты болсын келіннің,
Имене кеп босағадан аттаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу