Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  84


Автор: Сәуле Досжанова

ОҚЖЕТПЕСТЕ

Сандықтастар тізіліп көкке қарай,
Арасына шаншылған көк қарағай.
Оқ жетпеген сол шыңның ұшарынан,
Атырапқа Күн шығып, төккен арай.
Қоршаған қарағай мен сұлу қайың,
Айнакөл жарқырайды айнадайын.
Ауасы дертке шипа Сәкен айтқан,
Көкшетау қасиетіңнен айналайын!
Көке қарай тізілген сандықтастар,
Алып-ұшқан көңілді хан ғып тастар.
Жанымда сол бір жанның жоқтығын-ай,
Осынау сұлулықты ән ғып бастар.
Ел парызын жасымнан арқаладым,
Мұны біле жүріңдер, қалқаларым.
Оқ жетпеген басына мына шыңнан,
Көңіліммен шарладым шартарабын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу