Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  89


Автор: Сәуле Досжанова

Уақыт екшеп, бақыттың жайын ұқтым...

Уақыт екшеп, бақыттың жайын ұқтым,
Екеуміздің жолымыз айрық тым.
Бірақ соны мойындау оңай ма еді,
Жалғыз шумақ сияқты қайырыппын.
Өткен күн мен жылдардың толқынында,
Қол ұстасып азғантай шалқыдым да.
Қала бердім, көміліп көз жасына,
Тағдырыңда айналып жалқы мұңға.
Жат басты ма махаббат безбеніңді,
Кете бердің түгендеп өз жоғыңды.
Маған үкім шығарған тас жүрекпен
Сүйіп жарыта аларсың өзге кімді.
Осылай өкінішпен жастық өтті,
Еліктіріп ап кетті, мастық етті.
Есіме алғым келмейді, бұл күндері,
Қайрымсыз сол жанды – тас жүректі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу