Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  82


Автор: Бауыржан Үсенов

ТӨЛЕГЕНДІ БІЛМЕГЕН ЖІГІТКЕ

Шыныңды айтшы, сол жерде кімге айналдың,
Сол жай мені мазалап күнде ойландым.
Айбергенов Төлеген кім дегенде,
Төбеңнен жай ұрғандай білмей қалдың.
Біреу күліп, ал біреу мұңданар-ақ,
Қайда өскенсің, досым-ай, кімге қарап.
Мына сенен кем бе екен, артық па екен,
Ақындарды жүргендер шыңға балап.
Қып-қызыл боп ұяты бетке шығып,
Тоқтау салған құрбысын шетке ысырып.
Жыларман боп қарындас, тоқтамастан
Тарс жауып есікті кетті шығып.
Көр кеудеге тап болған мөлдірлік-ау,
Сеніп қалды-ау түріңе көлгір мынау.
Сен жыр құмар арудың, топастықпен,
Оттан ыстық намысын жер қылдың-ау.
Ақын кетті өмірге сыя алмастан,
Тірілерге бұл күнде қиял, дастан.
Нар ақынды білместен, құрбыласым,
Жігітпен деп жүрсің-ау ұялмастан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу