Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  82


Автор: Темірхан Медетбек

Бұлт

Ойға батып опынам –
өңiм бе бұл, түсiм бе? –
үнсiз кейде отырам
қара бұлт iшiнде.
Желп-желп етсе етегi
соғар ызғар суығы...
Менi тесiп өтедi
найзағайдың сынығы....
Сонсоң күннiң күркiрi
кетедi ғой жыраққа.
Одан шошып сiлкiнiп
селк етпеймiн бiрақ та!
Аузын ашып құлыптың
ойлар ойлап сан асыл,
қалың қара бұлттың
жұтамын кеп ауасын.
Айналады сезiм де
ақ найзағай-шыбыққа...
Айналамын өзiм де
қалың қара бұлтқа.
Бiр тiрiлiп, бiр өлiп
қалың ойға батамын,
қап-қара боп түнерiп
көшiп бара жатамын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу