Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  66


Автор: Ғалым Әріп

Аққу боп маған кезіге...

Аққу боп маған кезіге,
Арманым болған, қалқам-ай,
Айтқан бір әзіл сөзіме,
Ашуың жүр ме тарқамай?
Ақынның сері мінезін
Артыққа, жаным, балама.
Сүйгенім менің – бір өзің,
Саялар мәңгі санама.
Бір кінә болса менде егер,
Өткен күн үшін кеш бәрін,
Күндемеу үшін өзгелер,
Күрсінбеу үшін достарым.
Шешімге келсек шалағай,
Жүрерміз кейін қайғырып.
Байқамай қалған баладай


Бақытымыздан айрылып..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу