Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  119


Автор: Шынар Түйешиева

МЕНІҢ ГҮЛДЕРІМ

Сендер үшін шуақпын,
Сендер үшін қуатпын.
Сендерді егіп бағыма,
Әкелеріңді қуанттым.
Нәрімді септім, суардым,
Бүр жарғандарыңа қуандым.
Сендерді иіскеп, сипауға,
Қызғалдақтарым-ау, құмармын!
Балғынның төсеп ғажабын,
Баптарыңды да табамын.
Жұпарға тұнық бағымның
Ашыңдар, сендер ажарын!
Санасып, араз болмаңдар,
Екеуіңе ортақ қорған бар.
Екеуіңе де сүйсінем,
Тек ауырмаңдар, солмаңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу