Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  89


Автор: Шынар Түйешиева

Сен ана-қыран едің..

Сен ана-қыран едің,
Қияға ұя салған.
Шыңдағы шынар едің,
Жақсы атың жиі аталған.
Сен барда көктем еді,
Жайраңдап күн күлетін.
Сен кетіп, көктемені
Күй басты мұңлы, жетім...
Тарқамас бұл күй әлі
Бердің көп маған да ақыл.
Сен кетіп, сол қияны
Құзғындар талап жатыр...
Еске алсам сергіп кетем,
Өзің бар жарық күнді.
Шың еді сендік мекен
Тұңғиық алып тынды..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу