Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  73


Автор: Шынар Түйешиева

Жүрекке салып қаяу-мұң

Жүрекке салып қаяу-мұң
Мен кетермін сөніп бір.
Мен өлгенде, аяулым,
Молама менің келіп тұр.
Соғып, басқан бір сеңдейсің,
Жазықсыз өш боп жүрдік пе?!
Басыма гүл ап келгейсің,
Ұсынбай кеткен тірлікте...
Қош, мен мәңгі көз ілдім,
Бір жүзе алмаспыз айдында.
Жоқтығымды сезінгін,
Мен үшін бірақ қайғырма.
Сүйгенім рас, жасыма,
Мұңыма қанық түз бен бел.
Өлгенде менің басыма
Мұңмен емес, гүлмен кел...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу