Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  71


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Дүние жым-жырт.

Дүние жым-жырт.
Жалғыз мен ғана ояумын,
Өзіңді ойлап жатырмын тағы, аяулым.
Мен сені сүйем ақ қардай аппақ сезіммен,
Ақ қардай аппақ, керегі жоқ еш бояудың.
Батырып күнді, өзіңді ойлап ояндым,
Таппаған тағат сезімді қайда қоярмын?!
Мұң менен шаттық алмасқан күнде тұрлаусыз,
Дүниеде мынау бақытым болшы баянды!
Бір сені сүйген санамда тұрақ тапты ұғым,
Жадымда, сірә, сағыныш тұнған тәтті мұң.
Жаным-ау, мені жалғызсыратпай, жетсеңші,
Өзіңді көрмей, басылар емес аптығым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу