Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  94


Автор: Аллаберген Қонарбаев

КӨКТЕМ

Маужырап мамыр айы майда күлген,
Көгілдір торқа оранды аймағым кең.
Ерке жел ақша бұлтты қолына ұстап,
Баладай желкілдейді тайға мінген.
Тау шыңы қыз көктемге аласарып,
Жастықтың көрінгендей бағасы анық.
Көңілін көгал етіп бұлақ жатыр,
Шалқиды бүлкілінде бала шабыт.
Сыбызғы құстар үні естіледі,
Жұмбақ сыр бір әуеннің есті лебі.
Біреуі екеу болды жасыл жайлау,
Қабыл боп көптен күткен хош тілегі.
Сұлулық сықылықтап Айдай аппақ.
Тірлікті тік тұрғызып аймалап қап.
Реніш қуанышқа жолын беріп,
Дүние мәз болып тұр айналақтап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу