Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  62


Автор: Мұрат Өскiнбаев

МАҚТАНЫ ЕГІП ЖАТҚАНДА

Мақтаны барлық колхоз егіп жатыр,
Жұмылып тұқымдарын сеуіп жатыр.
Машина, тракторын дүрілдетіп,
Қалдырмай ат-арбасын жегіп жатыр.
Ар жағы Сырдария байланысты,
Аудан мен облысым су көмегін,
Колхозға қамтамасыз беріп жатыр.
Мақтарал қартаймайтын жер асылы,
Көлемі гектарының кеңіп жатыр.
Солардан шығып жатыр Еңбек Ері
Өндіріс көлемінің барлық жері.
Мамандар ойдағыдай алға басты,
Еңбегі өкіметке сіңгендері.
Жасасын партияның басшылығы,
Келе жатыр өркендеп барлық елі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу