Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  85


Автор: Қыдырбай Тұрмағанбетұлы

Директор мен дене тәрбиесі мұғалімінің диалогы

Дүйсенбі
-Смайыл, сенде қазір
Шамасы, дене сабағы?
-Иә.
-Өзің көрдің қыңқылдап
Келіп кетті «жаңағы».
Бере сал деп бес балаңды,
Зияны тимес ол кісінің
Меңгеріп тұр ғой ресторанды...
Сейсенбі
-Смайыл,сенде дене ме?
-Иә.
-Апырай...
Болмайды десем сене ме?
Әлгі завгары «құрғыр»
Төрт бала сұрап кетті.
Құрдасым ғой,
Құлағымды «бұрап» кетті...
Сәрсенбі
-Смайыл, сенде дене ме еді?
-Иә.
-Қайнардың қорасын жөндеуге
Үш ер бала керек еді...
... Аяқталды қысқалау,
Көп еді бұл диалог.
Себебі, кейбір директор
Бұдан әрі бәрібір
Оқымайды ұялып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу