Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  81


Автор: Серікбай Бердияров

Қызметтің қызығымен жас бала...

Қызметтің қызығымен жас бала,
Астамшылық жасамағын басқаға.
Ашуыңды ақылыңа жеңдіргін,
Қыңырлығы өзгелердің ассада.
Құлашыңды оңды-солды сілтейсің,
Жыл жинаған аштырады кім сейфін.
Лауазымнан ұлы болып шықпайсың
Көрсетпегін өзіңді-өзің үлкейтіп.
Мен жұмысшы қажетімді сұраймын,
Жасамаймын әлдеқандай құр айбын.
Айтқаныма дұрыс жауап бермесең,
Қуыс кеудең тесілгенше бұраймын.
Біле білсең,сөзбен,іспен жылытып.
Жіберетін көпшіліктің құлысың.
Жасырғанда жаныңыз жай таппайды,
Қоғамдағы қам харакет ұлы сын.
Арагідік інілермен келіспей,
Тұжырымды қайырамын кейіспен.
Тамағыңның тоқтығымен ырғалып,
Орыныңды іздемегін пейіштен
Деп қоям да,
Ашынамын кей іске.
Лауазым-ай,
Қуыстарды кеулетіп,
Жарымжанның кептіресің кеудесін.
Саналының сара жолын кескестеп,
Қалдырмайсың адалына жеуге түк




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу