Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  68


Автор: Серікбай Бердияров

Ойыменен санасып көпшіліктің...

Ойыменен санасып көпшіліктің,
Сейілтуге болады көп күдікті.
Дана да, данұшпан да ел ішінде,
Айтқаны айтпағы да жеткілікті.
Тау жағалап тамаша етпегенмен,
Таудай болды есіттік әп дегенде.
Соның өзі көңілге демеу болып,
Ұрындырмай ап өтті әттегенге.
Затыңыздың мәніне құлақ түріп,
Жақсылығын халыққа ұластырдық.
Анда санда берілер көрімдіктей,
Жарайсынның көгінде құлаш ұрдық.
Көкіректі кергілеп тынысымыз,
Бір мезгілде бұзылды тынышымыз,
Қырын кетті қыңырлар сол арада,
Оңай болды дей алман мұны ұғыну.
Өмір заңы,осылай шотқа қағып,
Өмір заңы, осылай топқа салып,
Әуселені байқадық байқайтынын.
Ренжуге болмайды жоққа налып.
Кедергілі келеңсіз көріністер,
Әсте-әсте кетсе де,еніп ішке
Бастаманы бастапқы баса алмады,
Зат көп екен қарасаң жөні күшті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу