Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  92


Автор: Серікбай Бердияров

Көлде жүзген аққудайын керіліп...

Көлде жүзген аққудайын керіліп,
Қабағыңды қаққаныңа беріліп.
Ауызды ашып көзді жұма беріппін,
Қатынасың жоқпа аулымен перінің.
Қимылдасам түсіп кетті бас киім,
Сияқты едім тірлігіме тас түйін.
Мұрыныма көктің исі келгендей,
Азға болсын көңіліңді бөлгенге,
Аламаннан арғымағым озғандай,
Жата алмадым тынышыма бөлмемде.
Ешқашанда мұндай жағдай болмаған,
Уайым болды бітіспестей ол маған.
Көрінісің көкпен жерге байланды,
Сезімімді түймеледім ойланғын.
Әншейінде аяққаптай көкірек,
Быт шыт етті құрылымын айламның.
Келе жатқан бағытымнан адастым,
Барар жерім сияқты еді иек асты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу