Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  78


Автор: Серікбай Бердияров

Аққу-қаздай көлден ұшқан көлбеңдеп...

Аққу-қаздай көлден ұшқан көлбеңдеп,
Шығып келе жатқаның да бөлмеңнен,
Ақ тұманнан бір көрініп,көрінбей,
Жағдайымды білсең етті бермен кеп.
Қара тасын сүйгендейін қағбаның,
Қадам басу мұң ба саған қарға адым?
Сен жымисаң көз жанарың күлімдеп,
Жарық болып кетеді екен жан-жағым!.
Қайта оралып көңілімнен қашқан мұң,
Бір көруге-үлгеруге жасқандым.
Жөн сұраған жалғыз ауыз сөзіңе,
Шөлім қанып,ішпей-жемей мас болдым.
Сөзің қандай,
Көзің қандай,
Ал,сезім..
Жүрегімді жаулап,баурап алшы өзің!
Бу боп ұшпай,
Су боп кеппей кенеттен,
Қаздай қонып,
Жаздай болып қалшы өзің…
Ай мен күннің сәулесінен жаралған,
Мен тұрғанда көз сүзбейді саған жан.
Ықыласыңды ізетіңмен ибалы,
Ірікпеші иман жүзді ағаңнан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу