Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  75


Автор: Серікбай Бердияров

Атыңызға затыңыз сай арман қыз...

Атыңызға затыңыз сай арман қыз,
Аулыңызға іздестіріп барғанбыз.
Жауабыңды дұрысынан ала алмай,
Сыртыңыздан талай рет торғанбыз.
Бет әлпетті шыққаныңда опалап,
Көзімізді ауыртқанбыз уқалап.
Арман қыздың жетіскесін мақтауы,
Желбіреттік жігіттіктің шашпауын,
Барып жүрсем түгім қалмай ауылға,
Арын арлап қиқаңдайсын басқаның.
Діңкені де құртып біткен шырғалаң,
Өзіңе кеп артылады жыр ғалам.
Махаббаттың тұнығында малтыған,
Мен бе десем ортақ екен жалпыға.
Қыз біткеннің шұрайы мен шырайы,
Арман қыздай түседі екен талқыға.
Күні -түні көлбеңдеген көрініс,
Өткен күннің ұмытылмас шеруі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу