Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  97


Автор: Серікбай Бердияров

Арыстың бойы жағалай өскен тал-шыбық...

Арыстың бойы жағалай өскен тал-шыбық,
Таңның алдында жатады шыққа малшынып.
Ауылдың маңы жиделі тоғай,алаңқай,
Осында бәрі ойын баласы,малшы жұрт…
Кемпір мен шалы қыз-келіншекке қарауыл,
Қазақы жерде осындай болар бар ауыл.
Бір жері көк шөп,дер еді оны ажырық,
Жалаңқай жүрсең кетесін дерттен айығып.
Ертелі-кеште анда да мұнда шапқылап,
Шыбықты атқып ойнаудан қашан қажыдық.
Есіме түст-ау Арыстың бойы…сол тоғай…
Қайда жүр екенсің қарақат көзді қалқамай?..
Бір жері терең,бір жері саяз Арыстың,
Ағыспен бірге жағаңда талай жарыстым…
“Адамның басы-Алланың добы”демекші,
Амалым қанша,мен сенен бүгін алыспын.
Азсада,мейлі,тозсада,мейлі,сол ауыл


Өмірлікарман,азығым әрі қалауым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу