Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  83


Автор: Оңайгүл Тұржан

Тойлы ауыл.

Тойлы ауыл.
Киiз үйлер.
Дархан халық.
Әлем тұр пейiлiне арқандалып.
Киiз үйдi көруге жиналғандай,
Шетелдiк көлiктер тұр аң-таң қалып.
Көңiлдi бiр биiкке шығарғандай,
Тойға деп шашылатын жыр-ән қандай.
Бәйге аттары келедi желдей ұшып,
Қоғамнан қашып шыққан ұрандардай.
Той да тарқар
Iлесiп бұлт көшiне,
Уақыт қоя ма оның бiтпесiне.
Бәге аттары жақындап келiп қалды,
Жиырмасыншы ғасырдың нүктесiне.
Жылнамамды таптым да ғажап үндi.
Көк ту етiп
көтердiм ажарымды,
Жиырмасыншы ғасырдың мәресiнде,
Батыраштан сақта ендi қазағымды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу