Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  65


Автор: Төлеген Жанғалиев

Осьминог

Мекені – су, менсінбейтін құрғақты,
Сегіз аяқ болса-дағы бір басты.
Балдыр емес, балық емес жәндікті,
Барлық әлем “данышпан” деп шулатты.
Астафралла! Жыбырлаған жәндікті,
“Адамнан да ақылды” деп далбыртты.
Тіпті сонау Нострадамустың өзі де,
Айта алмапты дәл осындай дәлдікті.
“Су жәндігі бізден артық ойласа,
Адам миы оған астар болмаса.
Бақа, шаян, құмырсқалық құны жоқ
Адам болып жүргеніміз далбаса”-,
Деп кіжіндім, естігенде хабарды,
Бір күдік ой торлап алып санамды.
Бара-бара жаратушы Құдайым,
Жәндік қылып жібермесін адамды.
Кеше ғана орыс жұрты – шошқаны,
Дәл айтатын “данышпан” дей бастады.
Миығымнан күліп алып, қорықтым,
Миым су боп кететіндей бастағы…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу