Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  162


Автор: Төлеген Жанғалиев

Апыр – ай, мына қыздың әдемісі – ай...

Апыр – ай, мына қыздың әдемісі – ай,
Қыз ба екен, қылығына әлегі сай.
Қасында қалбаң – құлбаң жүгіреді,
Қайынатасы сияқты қара қытай.
Апыр – ай, мына қызды – ай, орыс ерткен,
(Орыстан бақыт тапса, оны сөкпен)
Жалаңаш кіндігі де жарқылдайды,
Тоқ жүгіріп тұрғандай тоқ ішектен.
Анау қызды – ай, көк кірпік, қызыл ерін,
Күн батпай барады ертіп үйіне кім?
Қазақтың қыздарына қарап тұрып,
Қазақтың ұлдарынан түңілемін.
Түңілсем де тірідей көрге кірем,
Неменеме жетісіп елге күлем.
Сар сідігі сасыиды – ау сары орыстың,
Сары алтындай қазақтың жөргегінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу