Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  85


Автор: Төлеген Жанғалиев

Шыныменен айналғандай кектіге...

Шыныменен айналғандай кектіге,
Тепкілесең, тепкілей бер, тепкіле!
Мүйізді лақ қорқытатын қоқаңдап,
Мен де ұқсаймын кәрі тоқал ешкіге.
Сабаласаң, сабалай бер сабала,
Сақалыма, самайыма қарама.
Қодары көп қор елміз ғой мен түгіл,
Қол жұмсаған ұлы Абай данаға.
Ұрғыласаң, ұрғылай бер, ұрғыла,
Таяқ батса тайсалады жынды да.
Таяқ түгіл, құдайдан да қорықпас,
Ақын бірақ, осыны ұғын миғұла!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу