Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  81


Автор: Төлеген Жанғалиев

Тұтқа болар тұрқың жоқ мына еліме...

Тұтқа болар тұрқың жоқ мына еліме,
Кім сенеді кілттеулі жүргеңіне.
Самайыңды бұлдайсың сәл ағарған,
Сақал түгіл шаң жұқпас иегіңе.
Қарттың бәрі бола алмас оңай баба,
Қарттығыңды таниын қалай ғана,
Ақыл айтсаң имандай иланамыз,
Ақымақтау жүрсің, алайда, аға!
Діннің сөзін сөйлейсің құран ұстап,
Өз құлағың жоқ оны бірақ ұқпақ,
О тоба, досыңды да жамандайсың,
О дүниелік сапарға шығарып сап.
Басыңды сақалсыз-ақ бағалар ек,
Қартқа да қадірлейтін сана керек.
Жүрсің, тұрсыңда бір үлгі жоқ,
Ел сүйер егделіктен садаға кет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу