19.07.2022
  1999


Автор: Түс жору

Қылыш

Қылыш: түсінде қылыш асынғанын көру—үлкен бір мақамды білдіреді. Қылышының қатты ауырлауы—күшейіп және пайда көретінін білдіреді. Қылыштың бауы үзіліп жерге түсуі—қызметінен босайтындығының белгісі. Түсінде біреу әйеліне қылыш бергендігін немесе әйелінің оған қылыш бергендігін көру—отбасында ер баланың дүниеге келетіндігін білдіреді. Ал егер әйеліне қынынан суырылмаған қылышты берсе—әйелінің қыз туатынын білдіреді. Егер қылыш өткір болса—онда сөйлеген сөзі ақиқат, дұрыс екендігін білдіреді. Жерде жатқан қылышты алғанын көру—ақиқатты іздеген кісіні әрі ақиқатты табатынын білдіреді. Түсінде біреуден қылыш алу— әйелінің белгісі. Қылышты қынына тығу—аманаттың белгісі. Қылыш сабының сынғанын көру—әйелінің немесе ағасының дүниеден өтетіндігін білдіреді. Қылышты жұтқанын көру—дұшпанының мал-мүлкін қолды ететінін білдіреді. Түсінде бір кісіні қылышпен ұру—ол кісінің мазасын алатындығын білдіреді. Бойдақ біреу түсінде қылышты қынына тыққанын көрсе—үйленетіндігінің белгісі. Қолындағы қылыш дұшпанының қылышынан ұзын болса—дұшпанын жеңетіндігін білдіреді. Қылышының өтпей қалуы— ол кісінің сөзін ешкім тыңдамайтындығын білдіреді. Егер біреу қылышпен ұратын болса, қылыштың тиген жерінен қан шықпаса—ол адамның айтатын сөзі ақиқат екендігін білдіреді. Қылыш—рызықты да білдіреді. Кейбір кезде қылыш көру—дүние мүлікті және білімді білдіреді. Қылышты істегендігін көру— білімді кісінің белгісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу