Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  130


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шаш өссе де қас пен кірпік өспейді...

Шаш өссе де қас пен кірпік өспейді,
Бұйрық болмай жан денеден көшпейді.
Тіршілікте таңдап қонған бақ құсын
Біреу ерте, енді біреу кеш дейді.
Жиғаныңды ағыл-тегіл төк, мейлі,
Несібеңді Тәңір өзі реттейді.
Елге істеген жақсылығың мол болса,
Қартайсаң да жүректен нұр кетпейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу