Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  81


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ғибрат

Илеуіне сүрлеу салып, қыбырлаған құмырсқа,
Байқап тұрсаң, қандай ұста, қандай шебер жұмысқа?!
Аузыменен шөп тасыған қарлығаштың ұясын
Көрген болсаң, көкіректен төгілмей ме күй асыл?!
Балды қанша жаласаң да, қарасаңшы көзіңе,
Ара у да шығармай ма, қауіп төнсе өзіне.
Жау жақындап, табиғатпен таба алмаса үйлесім,
Жұмарланған кірпікшешен тікірейтер инесін.
Қолтырауын балаларын тіске басып тасыған,
Маймыл екеш маймыл-дағы өз туысын қасыған.
Суда, көкте және жерде түрлі жәндік болса да,
Мейірім мен қорқынышта ұқсастық бар қаншама?!
Тірілердің ақылдысы, ақырғысы, ей, адам,
Қарап қойма.
Мәнін ойла.
Ғибрат ал сен одан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу