Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  121


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құран сөзі

Діндердің ішіндегі ең жасы, ең жасампазы, ең
ақылға қонымдысы, сенімдісі, ғылыммен де үндес – Ислам
Фридрих Энгельс



Алғашқы беті Құранның –
Күн ұядан шығар күн.
Әр аяты Құранның –
Ғибраты шыдамның.
Құран сөзі –
Тілге тиек,
Ойға тірек.
Ұғады оны –
Таза тілек,
Жылы жүрек.
Әр сүресін Құранның
Өнеге деп ұғармын.
Әрбір сөзі Құранның –
Қазынасы қоғамның.
Құран үні –
Тірлік ділі,
Өмір жыры.
Айтқан сыры –
Ислам діні,
Хақтың тілі.
Соңғы беті Құранның –
Қайтадан күн шығар күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу