Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  94


Автор: Ғали Орманов

АДАМ МАҒЫНАСЫ

Ə, деп бір қолға алғалы
Жалғасты жұмыс көп айға.
Сарайды түрлі ондағы
Тұрғызу түгел оңай ма?
Жоғалып кеттің дейді анам
Хатында маған өкпе айтып.
Үйлерді самси бойлаған
Жеткізу қиын көпке айтып.
Заводтар қандай еңселі,
Түрлері көңіл бұрғандай.
Өрлетіп бірге ол сені,
Көтеріп көкті тұрғандай!
Айта алмас деймін маған да
Қайдасың, Жомарт деп ешкім.
Көрінбей адам қалар ма
Көркейтсе қолы жер үстін!
Жеткізсем соны анама,
Тербетер ойын көп елес...
Берер де терең мағына,
Ешкімді маған теңемес!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу