Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  190


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Адалдық па?..

Адалдық па?..
Бәрі де сөзде ғана,
Қошаметтің барлығы көзге ғана.
Сен сырт кетсең орныңда басын изеп,
Мақтау естіп тұрады өзге бала.
Аяр неткен?..
Жанымды тілгіледі,
Жақсылықтың нышаны тынды, легі.
Сезімтал ғып, құдай-ай, жүрегімді,
Жаратыпсың егіз ғып мұңды, мені.
Ісін істеп жүрміз-ау әңгүдіктің,
Оты сөнген ертеде-ақ мәнді үміттің.
Күннен күнге барады ұрпақ азып,
Қалар дейсің жалғанда мәңгілік кім?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу