Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  82


Автор: Сұраған Рахметұлы

Жел сорғалап есіктің үңгісінен

Жел сорғалап есіктің үңгісінен
Ессіз тықыр жабысты
Ілгішіне.
Өзегімнің ішкі өңі қара бояу,
Терезенің ішкі өңі түнгі сіле.
Сал боранның гуілі ызың өріп,
Күрмеулі үйді үрлейді
Күз реңі.
Төрден жерге құлаған
Саңылау жүр,
Жоса қашқан қаламның ізіне еріп.
Жының келер: «Жел неткен лақпа?» деп,
Мен байқасам
Кеште мұң,
Ұзақта леп.
Тың мезгілдің түбіне жетеді екен,
Осылайша оңаша бір апта кеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу