Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  87


Автор: Сұраған Рахметұлы

Кәрі қыстың түсіне кіреді өткір тістері...

Кәрі қыстың түсіне кіреді өткір тістері,
Қаз үнінен жасқанып,
Қайтқан ба аяз ішкері?
Барлық сайлар қара тер,
Мұздақ сығып көз жасын:
Қаймығыңқы хас дауыл қарауланған күштері.
Күннің нұрын сүйеп кеп сиреді ызғар
Жас пері.
От семсерін бұлғайды өткінші бұлт
Ғаскері.
Мейіріміне қайыңның мекіреніп құба бел
Арқа жаққа аунайды «ауыздағы бас тері».
Көлеңкенің түбінен тұрды осылай сорлы айлар
Құм төбенің бөктерін топ жібекпен
Торлайды әр.
Ақ жусанның үстіне үн себеді бұп-бұйра,
Көк қозының жүнінен көрпе тоқып
Торғайлар.
Жинағандай жайырақ жаны жадау
Бұлт есін,
Сан мысалдың мұртына жағады алтын
Білтесін.
Құлын ізін сақтаған құмдақ бетін
Сипалап,
Таудың соңғы қарына жанарыңды
Сілкесің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу