Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  223


Автор: Кәкімбек Салықов

БАРЫҢА СЕНІҢ ҚУАНАМ

Періштем болып жебей гөр,
Үздіге жаздап жолықтым.
Жарасын жүрек тез емдер,
Абзалын көрсе көріктің.
Жасымнан ынтық теліттің,
Жан жетпес сұлу көріппін.
Тынықсын көзім, жандансын,
Кездестік туған өлкемде.
Аңсатқан асыл армансың,
Ұқсаған өрде желкенге.
Жағаға әрең жеткенде,
Жатырқау сені жоқ менде.
Балқытты лебіз, әуенің,
Жан құштар жылу себелеп,
Не деген нәзік, мәуелі үн,
Үзімі жанды жебемек.
Кереметтен де керемет
Алауға жүрек не демек?!
Аумаған балғын шынардан,
Саяңды самал құп алам.
Шыққандай сағым-мұнардан,
Рахатқа батып, жұбанам.
Әніңді естіп нұрланам,
Барыңа сенің қуанам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу