Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  316


Автор: Ұлықбек Есдәулет

РОМАНСҚА ЕЛІКТЕУ

Терезеңді аш.
Арайлап,
Таң атты міне кәдімгі.
Күлімдеп көзі бар аймақ,
Қараңғылықтан арылды.
Үлгірмей жатып сырласып,
Барлығы бірден өзгермес,
Қамыға берме құр жасып,
Сандалтпай қыздар сөз бермес.
Қолымнан келсе көрмек ем,
Сыр тартып сенен оңаша.
Үлкенсің біраз сен менен,
Ойнайын десем балаша.
Терезеңді аш.
Таң атты.
Шырақты таста өшіріп,
Жаңғыртып бүкіл алапты,
Күлейік енді қосылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу