Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  101


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АЖАЛМЕН ТІЛДЕСУ

Беу, менің беті қайтпас тілемсегім,
Бәз күні келеріңді білем сенің,
қашаннан әдетің ғой жүрер сенің,
көкжалдың қимақ болып тілерсегін.
Өзіңмен сан аңдыстым,
сан арбастым,
тұңғиық тағдыр деген ғаламды аштым.
Орын жоқ саған ешбір
мен бар жерде,
мен дағы сен бар жерде қала алмаспын.
Үндемей қабатұғын үндемесім,
Аян ғой есік ашып, кір демесім.
Тағдырдың садағынан,
мен туғанда
Сен маған қарсы атылған сұр жебесің,
Заулаған маған қарай теміренім,
Қадалған жүрегіме шөгір едің.
Мен сені елеместен өтсем деуші-ем,
Ежелден егіз екен өмір — өлім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу