Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  154


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Өлім деген іс болды үйреншікті...

Өлім деген іс болды үйреншікті:
бүгін де бір жас қыршын үйден шықты,
жыламсырап тірлік тұр жасты көзбен
ішкен сәби секілді күйген сүтті.
Танымаққа талпынып өмір сырын,
қадағанын сезбейсің өлім сұғын,
қу жапырақ,
әлде жас топырақ па,
қонар жерін талғамас көңіл-шыбын.
Қамаласың көз жұмып тас қапасқа,
қашалады есімің қасқа тасқа,
талақ етіп түбінде
тастап кетер,
ғашық болып өмірмен босқа отаспа.
Жалғыз өзің жатасың лақатта,
байыз тауып батасың рақатқа,
терең қазып тепкілеп көмгендердің
бәрі өзіңдей болады,
кінә тақпа...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу