Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  233


Автор: Жангелді Немеребай

ЖАҢБЫРЛЫ ТҮН...

Жырақ қалған жарқын менің,
Шуақ тамған алтын белім қайда.
Жауын кешіп өзіңменен,
Сыр ақтарған бал түндерім қайда.
Қайда өмірімнің сол шақтары,
Қайда дүр жаңбырдың моншақты әні.
Сезім-сөнбес жалын.
Қайда жастығымның сол кездері,
Айдай ақ арудың шөл көздері
бүгі бәрі сағым?!
Айлар асып жылдар өтті,
Жастығымыз жылдам өтті лезде.
Ол кездегі бала арманым,
Бұл күндері шыңға жетті өзге.
Самға ақ қанатты қиял құсым,
Жалғар гүл дәуренді күй,әнбісің?
Неткен жүйрік көңіл.
Гүлім,бәрі-бәрі есте бүгін,
Жырым-саған деген естелігім.
Өшпес өлең-өмір!
P .S
Жаңбырлы түндерде түсесің сен есіме,
Жарқ еткен жасынды ұқсатам елесіңе...
Ақ мөлдір моншақ тағып,
Кеттің-ау алшақтанып,
Оралмай көктем-өмір белесіне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу