Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  291


Автор: Аталық Әбдешұлы

ЕЛІМНІҢ ЕРЕН БАРЫСЫ

(Илья Ильинге арнаймын)


Зілтемірден Олимпиада чемпионы Илья Ильин Францияда өткен
Әлем біріншілігінде жеңіске жетіп, Әлем чемпионы атағының биік
тұғырында, еліміздің Көкбайрағы көтеріліп, Елұраны ойнап тұрған сәтінде 


туған елін, жарыс алдында Бекет Атаға арнайы келіп тәу еткенін есіне
алып, қатты толқып егілген еді:
«– Дем беріп мерей өскен кез,
Бойымда сенім сескенбес
Ересен тың күш еселеп
Құйылған қуат ескен кез!
Көтердім салмақ қос таған,
Білеулі білек қос баған
Сыздаған балтыр сырымен
Мәреге қалған қос қадам–
Ең биік меже кескен кез:
«А, Бекет,жар бол!»
– Ауф!– дедім,
Кере де тартып ұртымды,
Қуантпақ оймен жұртымды,
Қуатты күшпен серпідім,
Ысырып кейін бұлтымды
Жұлдызды шақпен желпідім
Көкбайрақ көкте, ұлтымды!
Әнұран сазы шалқыды
Жер жүзін көктей қалқыды:
«...Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!...» –
Жүрегім елге балқыды
Медет ап қуат өзіңнен,
Аруағым асты, төзіммен,
Пір Бекет демеп қолдады –
Парлады сезім көзімнен...»
Нышаны еткен барысты,
Адал Ұл елдің намысты
Көрген-ді, сынап қайратын
Әлемдік талай жарысты.
Тартыста түгел білектес,


Алыптар күште ілектес
Ерлікке тәнті сүйсініп –
Құшақтап, бәрі тілектес!
Дарыса дарын ар ісі –
Халқының болу арысы.
Әр ұлы болғай өзіңдей –
Елімнің ерен барысы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу