Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  83


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Гүлі ұқсас алқызыл бір еріндерге...

Гүлі ұқсас алқызыл бір еріндерге,
Көз сүзем кербез белең, керім белге.
Көк пішен, ала бас гүл, шұбар шөптің,
Жүзіне жаудай тиіп жел үргенде.
Аспанмен бұлттар шұбап қара күлгін,
Түнерді түңлік жауып дала бір күн,
Сел жүріп, табан жақта су көбейіп,
Шуылы арта түсті анағұрлым.
Сорғалап шырша инесі, ырғай бүрі,
Талдағы тамшының да тынбайды үні.
– Түу, тоңып кетіпсің ғой, – дейтін қыздан
Айналып кетесің ғой мұндай күні!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу