Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  74


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ЖАЗ КҮЙІ

О, жаса, жаз айының жайсаң күні,
Жоңғардың, ән сал, қыры һәм шалғыны!
Жұнттай түгі жылтыр, тұрқы ұнаған,
Жотадан жөңкілдіріп жылқыны ағаң.
Жағасын айырды әні тыныштықтың,
Бие, айғыр саксофонша шұрқыраған.
Сездіріп көмейінен көп үрейді,
Созғанда үзілердей, тегі, мойны, –
Өрістен қайтқан сиыр бұзауына,
Өзбектің кернейінше мөңірейді.
Ал сонау Қараталдың нуы ырғайлы,
Толқыса, топан суша шуылдайды.
О, жаса, жаз айының жайсаң күні,
Жоңғардың, ән сал, қыры һәм шалғыны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу