Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  80


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АРТЫҚПЫН ДЕМЕН ӨЗГЕДЕН

Артықпын демен өзгеден,
Артықпын десем, надан де.
Кеммін де демен өзгеден,
Кем түссем туа жаман де.
Ақынмын алау жаны бар,
Күліп те жылап жүретін.
Жыласа, шындап жылайтын,
Бірақ та мені адам де.
Көлгірсіп сөйлеп беделге,
Басымды иіп шағынбан.
Кімге де болса ақаусыз,
Ақтарыламын ағымнан.
Басынар болса – қағынған,
Кешірім менен күтпесін.
Садаға кетем арымнан,
Ар қымбат – шыбын жанымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу