03.06.2022
  90


Автор: Дәулет Мұқаев

Көпбалалы аналарға арналған бағдарламалар

Менің оқырмандарымның ішінде көпбалалы аналардың көп екенін ескере отыра арнайы сіздерге бір бағдарлама жайлы жаза кетуді жөн көрдім. DAMU фонды ұсынып отырған – «Еңбек» бағдарламасы. 2017-2021 жылдарға арналған осы бағдарлама арқылы кез келген адамның несие алу мүмкіндігі бар, бірақ көпбалалы аналар үшін деп жазған себебім аталған бағдарлама бойынша несие үстеме сыйақысы бар болғаны 6%-дан аспайды. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 8000 айлық есептік көрсеткішке (21 миллион 208 мың теңге) дейінгі қаражат ала алса, басқа аймақтар үшін несие сомасы 6500 айлық есептік көрсеткіштен (17 миллион 231 мың 500 теңге) аспауы тиіс. Бағдарлама бойынша несие алу үшін жұмыспен қамту орталығына жеке куәлік көшірмесін және кәсіпкерліктің негізін оқыды деген «Атамекеннен» алған сертифкатымызбен баруымыз керек. Қайталап жазудан жалықпаймын әрекет етсеңіз болғаны бастысы, себебі әрекетке – берекет. Елімізде «Еңбек» бағдарламасынан бөлек «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында оқуды аяқтағаннан соң мемлекет ұсынып отырған түрлі гранттарға ие болуға мүмкіндіктер бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу