03.06.2022
  120


Автор: Дәулет Мұқаев

БЖТ кім төлейді?

 


ҚР Салық кодексінің 24-бөлімінің 774-бабына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті  жүзеге  асыратын  жеке  тұлғалар  БЖТ төлеушілері болып танылады, олар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келу қажет:



  1. бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

  2. жалдамалы қызметкерлердің             еңбегін пайдаланбайды;

  3. акцизделетін өнімдерді қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетеді немесе салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделетін өнімді қоспағанда, өз өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізеді.


 


Сонымен қатар, БЖТ төлеушілері табысының мөлшері жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиіс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу