01.06.2022
  175


Автор: Дәулет Мұқаев

Инстаграмда бизнесті дамытуға арналған 40 кеңес.


  1. Оқырмандар санын көбейтетін хештегтерді қо- юды ұмытпаңыз. Мысалы: #instafollow, #l4l (Like for like), #tagforlikes және #followback.

  2. «Like» басуды ұмытпаңыз. Бизнес аккаунтта әр басқан 100 лүпілге, сіздің парақшаңызға орташа есеппен 6 жаңа оқырман жазылуы мүмкін.

  3. Конкурс ұйымдастырыңыз. Ең тиімді талаптар: парақшаға жазылу, бірнеше досты белгілеу, сто- ристе бөлісу. Нәтижесінде сіздің парақшаңызда жоқ жандар да конкурсыңызға белсенді түрде қатыса бастайды.

  4. Өзіңіздің бизнес парақшаңыз жайлы басқа да әле- уметтік желілерді бөлісе түсіңіз. Тіпті бизнесіңіз жайлы пост жазып, тіркелуге шақырыңыз.

  5. Комментарии мен лүпілді аямаңыз. Бұл жаңа оқырмандарды шақырудың жақсы әдісі.

  6. Іздеу жүйесінде жылдам табылатындай өзіңіздің салаңызға қатысты танымал хештегтерді қолда- на біліңіз.

  7. Инстаграмдағы зерттеу нәтижесі бойынша по- стты түскі ас уақытында, сондай ақ жұмыс аяқталған уақытта салған дұрыс.

  8. Танымал хештегтерді пайдаланатын аккаунт- тарға жазылыңыз (#followme, #likeforlike), себебі дәл сол хештегті қолданатын оқырмандардың басым көпшілігі сіздің де парақшаңызға тіркеледі.

  9. Сан емес, сапа маңызды екенін әрдайым есте сақтаңыз! Парақшаңыздағы қажетсіз ақпарат- тарды өшіруге тырысыңыз.

  10. Өзіңіздің парақшаңызға жиі талдау жасаңыз. Әсіресе оқырманның қай уақытта, қай күндері белсенді екенін нақтылап алғаныңыз абзал.

  11. Авторлық сипаттаманың (шапка профиля) тол- тырылғанын, керек ақпараттың, сілтеме мен байланыс нөмірлерінің дұрыс екеніне көз жет- кізіңіз. Оқырман сіздің парақшаңызды қараған- да байланысу жүйелерінің жылдам жұмыс істе- гені сенімділікті ұялатады.

  12. Мақсатты аудиторияның қызығушылығын анықтау үшін сұрақ қоя біліңіз.

  13. Жексенбі күні инстаграмыңызды жандандыра түсіңіз. Дәл осы күні оқырмандар көп отыра- тындықтан, сіздің постыңыздың да қаралымы көбірек болады.

  14. Кімге және не үшін парақшаны жүргізіп отырға- ныңызды анықтап алыңыз. Дәл осы сұрақтарға жауап тапқанда, сіздің де аудиторияңыз көбей- еді.

  15. Оқырмандарды іске көшіріңіз. Олардың сіздің постыңыздың астына пікір жазуын сұраңыз. Әдетте пікір санын арттыру үшін сұрақ қойып, сол сұраққа түрлі нұсқалар жазып қойсаңыз бо- лады.

  16. Жиі пост салуға қорықпаңыз. Аудиторияңыз ба- сында белсенді болмаса да, сіздің парақшаңыз жұмыс істеп тұрғанын білу керек.

  17. «Instagram» сізге ұсынып тұрған (Рекомендуемые пользователи, интересные люди) парақшаларға жазылыңыз.

  18. Бизнес жүргізіп отырғаннан кейін міндетті түрде геолокацияны белгілеуді ұмытпаңыз.

  19. Күнделікті не жазатыныңызды жоспарлаңыз. Контент-жоспарды тиімді пайдаланыңыз.

  20. Танымал блогерлер мен жұлдыздар арасында байланыс орнатып, жарнама жасауын сұраңыз.

  21. Зерттеу нәтижесі бойынша, қызыл немесе жа- сыл түстерден қарағанда көк түсті сурет 24%-ға көбірек лүпіл жинайтындығы дәлелденген. Көк түсті дизайнерлік пост ойлап тауып, нәтижесін тексеріп көрсеңіз болады.

  22. Әр сәрсенбі сайын пост салуды әдетке айнал- дырыңыз. Себебі апта ортасында жарияланған ақпарат көп қаралым мен лүпіл жинайды.

  23. «Пікір білдіріңіз» дәл осы сөйлемді пост асты- на жиі қолданыңыз. Оқырмандарды өз ойымен бөлісуін сұрасаңыз, міндетті түрде комментарии саны артады.

  24. Фото таңдағанда, бет келбетіңіз анық көрінетінін таңдаңыз.

  25. Фотоға міндетті түрде оқырмандарды белгілеңіз. Себебі «отметка» лентасынан достарыңыздың парақшасынан басқа жандар да сіздің постыңы- зды көре алады.

  26. Қанық, ашық түстерді пайдаланыңыз.

  27. Бизнесіңізге жеке өзіңізге ғана тән хештег ойлап табыңыз. Сіздің тауарыңызды пайдаланған оқы- рман міндетті түрде сол хештегті пайдалана ала- тындай болуы керек.

  28. Live форматта түсірілген фото-видеоны жиірек пайдаланыңыз. Сол арқылы оқырманға бір қадам жақындай түсесіз.

  29. Бизнес-айла: сіздің тауарыңызды сатып алған тұтынушының суретін өзіңіздің парақшаңызда жариялаңыз. Нәтижесінде ол оқырман парақ- шасында өз суретімен бөліседі. Сондай-ақ, бұл сіздің әр клиентті бағалайтыныңызды көрсетеді.

  30. Бренд болуға талпыныңыз. Бизнесіңіздің ата- уын, логотипін қалам, блокнот, киімге пайдала- нуға тырысыңыз.

  31. Facebook парақшасындағы достарыңызды да бизнес аккаунтыңызға тіркелуге шақырыңыз.

  32. Оқырмандар stories көргенді ұнатады. Күнделікті ойыңыз бен тауар жайлы ақпаратты бөлісіп оты- рыңыз. Бірақ ол міндетті түрде эмоцияға толы болуы керек.

  33. Stories-те де адамдарды белгілеуді ұмытпаңыз.

  34. Оқырмандардан лүпіл басуды сұраудан ұял- маңыз. Тәжірибе жүзінде дәл осындай посттар 89%-ға көп лүпіл жинайды.

  35. Алдын ала уақытты да, контентті де жоспар- лаңыз. Бірнеше күнге ерте материалды дайын- дап, оларды уақытпен реттеп жариялаңыз.

  36. Мотивацияға толы цитатамен пост салу оқыр- манды жігерлендіреді.

  37. Телефондағы байланыс нөмірлеріне тіркелген аккаунттарды да тауып, тіркелуге тырысыңыз.

  38. Сіздің бизнесіңізбен айналысатын бәсекеле- стерді де назардан тыс қалдырмаңыз. Олардың жұмысын саралап, үнемі бақылауда ұстаңыз.

  39. Басқа парақшалармен серіктестік орнатыңыз. Өзіңіздің оқырмандар санымен тең парақшаны тауып байланыс орнатыңыз. Ортақ жеңілдік, акция ұйымдастырыңыз.



  1. Челленж, вирустық видео таратуға ізденісте бо- лыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу